Menú electrónico
Nos califica
Compartir en

KZ: Мейрамхана "Три Медведя" Көне ғимараттар көрінісіне ие, ертектегі үйшіктер секілді ағаштан жасалған, кіреберісі аюмен әсемденген "Три Медведя" әлі күнге дейін өзінде алдынғы заман аурасын сақтап келеді. Мұнда сіз өзіңізді қыстың күні жағылған пештің қасында отырғандай, шілде айының салқын кешінде жүргендей және өз үйіңіздегідей жайлы сезінесіз. Залды әшекейлеу кезінде орыс мәдениетінің өзіндік үлгілері пайдаланылған: самаурындар, балалайкалар және славян тұрмысына тән басқа да заттар бар. Қонақтар үшін үйдегідей ыңғайлы жағдайлар жасалынған. Интерьер театрлылығы әсерінен қабырғалардың өздері де орыс горницалар мен светелкаларындағыдай шынайы болып көрінеді. Ал тоқ және жұғымды тамақтан бұл сезім бойыңызда тұрақтанады. Үлкен де, кіші де залдар тұратын үйдегі бөлмелер сияқты, олар екі қабатта да орналасады: арасында тар бір баспалдақпен даяшылар қимылдап жүреді. Дегенмен, ең бастысы – бұл үй өткен ғасырларға сай сол қалпында қалды: бірнеше ұрпақтың тарихын бойына сіңірген ағаш кепеде жайлылық лебі еседі. Оюлап жасаланған есік алдына шағар кезде іш ауласына кіре аласыз. Бұл жерде көк шөп пен гүлдер арсында торлы күркелер орналасқан. Аңызға айналған орыс үстел байлығы, сапалы азық-түліктер және құптауға болатын бағалар жұмысымыздың негізгі ұстанымдары болып табылады. "Три Медведя" мейрамхана жай крестьяндар мен монархтарға арналған мәзірден басқа көне өмір сүру салтына бағышталған мәзірлер де дайындалады. Онда ортодокс күнтізбе, шіркеулік оразалар және мезгілдік ескерілген. Қыстыгүні тұздықтағы балық, үй сілікпесін және түрлі тұздауларды, құмырада сарылтылған қызыл шырайлы ақ саңырауқұлақ қосылған ащы орамжапырақтан боярлық щи жей аласыз – бір сөзбен айтқанда, қыстың суық күндері тойдыратын барлық нәрсе. Көктемде окрошка, түрлі көкөністерден борщ, щавельден жасыл щи, хош көк шөппен майдағы жас картоп көңіл-күйді көтереді, тәбет ашады. Квас пен морстарды осында дайындалады. Күз – жабайы құстардан аңшылық мәзір кезі. Қандай мезгіл болсын, «Три Медведя» мейрамханада орыс пельмендерін, қызыл шырайлы құймақтар, сорпалар, расстегайлармен балық сорпасы, түрлі солянкалар, балықтан, еттен, құстан және жабайы құстан кез келген тағамдар әзірленеді. Мында шайды орысша ішеді: самаурыннан тоқашпен, үй вареньесімен, балмен, жаңа пісірілген «пештен бірден алынған» іші түрлі болатын бауырсақпен бірге. Жайдары, ілтипатты даяшылар Сіздерді жылы қарсы алып, жылдам қызмет көрсетеді. Қонақтар үшін машиналарын қоюға арналған ыңғайлы жер де бар. EN: About the tavern Tavern “Medved” in the atmosphere of original old building, log-house, the entrance of which is decorated with the bear like in fairy-tale tower, still keeps the aura of old times - and it must be said, here it is quite positive: there is something of home coziness, warmth of Russian stove in cold winter evening and the coolness in hot July afternoon. In the decoration of the hall attributes of Russian culture are used: samovars, balalaikas and many things which give the impression of originality of slavic culture, cosy home atmosphere is created for guests. Though there is some theatricality of an interior, there is also the spirit of authenticity of Russian rooms and halls - and delicious and nourishing meal suppliers this sensation. Halls, both big and small, like rooms in an apartment house, are located on two floors with waiters bustling about, up and down the narrow ladder. However, the main thing is still that the house has kept original colour of the past centuries, the spirit of cosiness is in the air, inherent in log-houses - and the lived-in home environment which have absorbed history of many generations. Having gone down from a carved porch, you can go into an internal courtyard where there are wooden letticed arbours. Legendary richness of the Russian cuisine, healthy products and the reasonable prices – these are the major principles of our work. The tavern "Medved" not only reproduces the menu of Russian monarchs and simple peasants, but also corresponds to an ancient way of life: seasonal prevalence, and an orthodox calendar, and church fasts are taken into considerarion. In winter you can try a jellied fish, home-made aspic (jellied minced meat) and dainties, a boyar stchi (Russian sourcrout soup with ceps, stewed in a pot under toasted bun) - in short, everything that sates in cold winter days. In spring, okroshka, borsch with early vegetables, green stchi (Russian cabbage soup with sorrel), young potatoes in oil with fragrant dill will improve your appetite and put you in good spirits. We prepare freshening kvass and berry waters by ourselves. The autumn - is the time for the hunting game menu. Regardless of a season outdoors, in the tavern "Medved" we serve Russian pelmeni, toasted blini (pancakes and fritters), soups, fish soup with small pies, various solyankas (dish of stewed meat and cabbage with spices), all sorts of fish, meat and game dishes. The tea here is drinked in Russian way: from a samovar, with rich bread-rings, house jam, honey, piping hot pies with different stuffings. Affable, considerate waiters will provide you with hearty welcome and fast service. The convenient parking lot is at visitors' service.